Жарнама
Мәдениет

Атырау университетінде журналист Жауыров оқулары өтті

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ҒАЛЫМ-ҰСТАЗ, ТӘЛІМГЕР ТЕҢДІК ЖАУЫРОВТЫ ЕСКЕ АЛУ МАҚСАТЫНДА «ЖАУЫРОВ ОҚУЛАРЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Конференция қорытындысына арналған арнайы жиынға журналистика кафедрасының ұстаздары мен студенттері, Т.Жауыровтың шәкірттері мен ұрпақтары қатысып, естеліктерімен бөлісті. Әсіресе, қарымды қаламгердің өмірлік жары, ардагер-педагог Рахима Әбішқызының әңгімесі жүрек тебірентерліктей өріліп, кейінгі буын үшін зор тағылымдылығымен ерекшеленді. Өмірінің соңғы жылдарын университетте дәріс берген, доцент атағын алған Теңдік Жауырұлының атына мұнда арнайы аудитория ашылған. Осы аудиторияда өткен жиынды жүргізген журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева «Жауыров оқулары» апталығы студенттердің талабын шыңдап, ізденіске ұмтылдырғандығын атап айтты.

Ғылыми конференцияда Жанарай Қалим (І орын), Нұрсая Эльбрусова (ІІ орын), Георгий Шапошников пен Гүлназ Аманова (ІІІ орын) жеңімпаз деп танылды. Оларға арнайы дипломдар мен журналистің отбасы тағайындаған ақшалай жүлделерді «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі Бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов пен қаламгердің ұлдары Шоқан, Заманбек Жауыровтар табыс етті. Сондай-ақ, қызы Гүлжан Теңдікқызы әкесінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді аудитория қорына сыйға тартты.

Айдана ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті журналистика мамандығының ІІІ курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button