Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы тағайындалды
Тарихи-өлкетану музейінің басшысы лауазымына Мұхамбетқали Кипиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мұхамбетқали Кипиев алғашқы еңбек жолын 1994-2005 жылдары облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында ұйымдастырушы қызметінен бастады. Мұнда жүріп облыстық тарихи-өлкетану музейінде фотограф-оператор, жетекші ғылыми қызметкер, этнография және археология бөлімінің меңгерушісі, тарихи-мәдени мұраны қорғау кәсіпорынында бас маман, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2005-2010 жыл аралығында облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бастығының орынбасары, инспекция бастығы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры лауазымында болды. 2010-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қорды есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бөлімшесінің жетекшісі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Бас директорының бірінші орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың маусымынан бүгінге дейін Атырау облысы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы болып қызмет атқарды.