Жарнама
Мәдениет

Атырауда музей ғимараты салынуы мүмкін

Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында жақын арада 1200 орындық концерт залы бар тарихи-өлкетану музейінің құрылысы басталады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты «АқЖайық»агенттігіне сілтеме жасап.

Атырауда өткен брифинг барысында Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың мәлімдеуінше, жобалық-сметалық құжаттаманың барлығы толық дайын. Бұдан бөлек, жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өткен.

img 1253 1

— Құжаттар құрылыс жұмыстарын бастауға толық дайын. Қазіргі таңда қаржыландыру көзі нақтыланып жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталуы тиіс, — деді ол.

Егер барлық жұмыс жоспарға сай жүзеге асса, Нұрсая тұрғындары үшін жаңа тартылыс орталығы пайда болады. Бұл — өңір тарихымен танысып қана қоймай, көлемді концерттерге, көрмелер мен түрлі мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін кең ауқымды мәдени кеңістік болмақ.

Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button