Жарнама
Мәдениет

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа экспозициялық залдар ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі экспозициялық зал — «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залы ​ ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Залдардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

51def856 8314 4ac9 8ddb 0c42e065df06

«Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаюы тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасымыздың өмір жолын баяндайтын тарихи деректері мен қайраткерлік жолындағы барлық маңызды мұрағат құжаттары топтастырылған бұл экспозиция залының орны ерекше.
Сонымен қатар, Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында ашылып отырған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залының да ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше болмақ»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Білім және ғылым минситрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл залдың тарихи маңызын айтып өтті.

a19386fb e59a 425e 887c ddb4228d3376

«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залында Алтын Орда кезеңімен тікелей байланысты ​ тарихи жәдігерлердің жаңартылған, консервацияланған нұсқалары көпшілік назарына ұсынылды. «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» залында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымға толы өмірінен мағлұмат беретін деректер бар.

0884130d 74d5 41b7 9af2 74fb15a16c3b

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button