Жарнама
Мәдениет

Атырау музейінің қоры сирек кездесетін фотоальбоммен толықты

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «XIX–XX ғасырлардағы Атырау тарихы фотосуреттерде» атты бірегей фотоальбомның таныстырылымы өтті. Үш тілде жарық көрген басылымда бұрын-соңды жарияланбаған 289 тарихи фотосурет қамтылған.
Суреттер Атырау музейінің қорынан, Ресей ғылым академиясының мұрағаттарынан және Ресейдің мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатынан алынған. Фотоальбом «Елді мекендер», «Материалдық мәдениет», «Өнеркәсіп», «Шаруашылық және кәсіптер» атты төрт бөлімге бөлінген.

53ef570d 8313 4936 9e4c ef69bc33dbb4

Шарада құттықтау сөз сөйлеген мәдениет басқармасының басшысы А. Жоламанов, өлкетанушы Н.Ақназаров және ардагерлер кеңесінің өкілі И.Балмағамбетов тарихи құндылықтарды сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар тарихшы ғалымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өз пікірлерін білдірді.

7462ae05 0bfd 4237 85c0 ab72fc94969b

Музей директоры М.Кипиев жобаның маңызын айта келе, бұл альбомның Атырау өңірінің тарихын тереңірек тануға зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Іс-шара соңында жаңа басылымның лентасы салтанатты түрде қиылды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button