«АТЫРАУ» ГАЛЕРЕЯСЫ: САРАЙШЫҚ

SAM 5904 1 Мәдениет

Atr. kz / 18 – ақпан. Суретші Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет  1948 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

Жастайынан өнер құдіретіне табынып өскен талантты жас 1968-1972 жылдар аралығында Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқыған.

001 1 1
Гүлмаржан Махамбет

Суретші қылқаламындағы қайталанбас ұлттық колорит өнерсүйер жұртшылықты бірден елең еткізді. 1987 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелігіне қабылданды.

Қазақ өнерінің дамуы үшін еткен еңбек, төгілген тер зая кетпеді, 2004 жылдан  бері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.

Қазақ елінде ғана емес, әлемдік аренаға да шықты. Соның айғағындай 2007 жылы Эстонияның Таллин қаласында өткен «MAX MODA-2007» халықаралық фестивалінің Гран При иегері атанды.

SAM 5904 1
«Сарайшық» (Акварель, 2012)

Полотноға салынған картина тілсіз тұрып-ақ халықтарды бір-біріне жақындастырады. Оның куәсі – суретшінің 2007 жылы Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен «Дивна» халықаралық  сән фестивалінде бірінші дәрежелі жүлдені қанжығаға байлауы.

Гүлмаржан Махамбет – 2008 жылы Астанада өткен «Алтын сапа» байқауының қатысушысы.

(Шаймардан  Сариев  атындағы  көркемсурет  және қолданбалы  сәндік  өнер  музейімен  бірлескен жоба)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз