Архив – ел тарихының қазынасы

8e739203 b9ee 4382 b691 83064f26738c Мәдениет

Архив өскелең ұрпақ үшін маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық – дәстүрлерді, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қызметін зерделеу, өлке тарихын танытар орталық.

Қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларының басын қосқан іс-шарада

архивтің бөлім басшылары «Архив ісінің маңызы» атты әр бөлімнің атқарып отырған жұмысы бойынша тақырыптық сабақ өткізіп, архив қызметінің түрлі бағыттарының бөлім жұмысымен, құжат сақтау қоймаларымен таныстырды.

Содан соң, көрме тамашалаушылар «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты көрмеге экскурсия жасап, өңір тарихының рухани, мәдени және материалдық мұрасы болып табылатын жүздеген бірегей архивтік құжаттар сақталған архив мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. 

5001e54f 1da1 4d33 a37d 70ac3d373388

– Архив бір ұлттың тарихында өте маңызды рөл атқарады. Ал, ұлт болып қалыптасу үшін – тіл, тарих, мәдениетті білу қажет. Архивтің келешек ұрпағымыз үшін алар орны ерекше. Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Ашық есік» күніне балалар мен жастардан бөлек, үлкендер де қатысуы керек. Әрбір адам өзінің тілін, тарихын, мәдениетін үйренуі қажет. Бұл біздер үшін өте маңызды, – деді облыстық мемлекеттік архивте өткен «Ашық есік» күні іс-шарасына қатысқан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, түркиялық Лутфие Гувенч. 

a9ec21ba 635e 4b37 a096 e5ea309a758f

Көрме соңында Мектеп окушыларына «Туған өлке тарихын біл» атты викторина ұйымдастырылып, өңір тарихынан сұрақтар әзірленді. Студенттер мен оқушылар өңірдің тарихы, зиялы тұлғалары, батырлары туралы өздерін қызықтыратын, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз