АРДАГЕРДІҢ АҚ БАТАСЫ

Өмірге нұр, сезімге гүл сыйлаған Наурыз – бақыт бұлағы, ұлылық ұйытқысы, жақсылық жаршысы, бейбітшілік бастауы.

Күн мен түн теңелетін көктем мерекесіне орай, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жалын» жас журналистер ұйымы «Ауыл кеші көңілді» атты мерекелік бағдарлама мен «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Мақсаты – халықтық педагогика арқылы ұлттық ойындар, қазақы дастархан, нақыл сөздер мен бата-тілектің мән-маңызын жастарға ұғындыру.

Студенттер «Бөкен би», «Құрманғазы», «Достық» ауылдары болып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кешті ардагер ұстаз, ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы қорытындылап, жастарға ақ батасын берді.

Амандық АБДОЛОВ.

Саябақтағы

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз