Жарнама
Мәдениет

Аққыстауда 250 орындық өнер мектебінің құрылысы басталды

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Екі қатарлы ғимараттың жалпы ауданы 4276,81 шаршы метр. Құрылыстың жұмысы 19 айға жоспарланған. Мұнда 183 орындық акт залы мен сыртқы іс-шараларға арналған орын болады. Сондай-ақ 137 орындық амфитеатр қаралған. 

-Ғимараттың бірінші қабатында 183 орындық акт залы, әрқайсысы 8 адамдық музыка сыныбы және қолданбалы өнер шеберханасы, әрбірі 6 адамдық кескіндеме және сурет шеберханасы мен мүсін шеберханасы, 11 адамдық би сабақтарына арналған зал мен 16 орындық буфет бар. Ал екінші қабатта оқу залы бар кітапхана бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар 10 адамдық хор және оркестр сыныбы, әрқайсысы 8 адамдық өнер тарихы және поэтикалық өнер кабинеті, 10 адамдық ансамбль сабақтарына арналған сынып қарастырылып отыр,- деді мердігер мекеменің өкілі Руслан Сиғуатов. 

Айта кетейік, аталған құрылыс жұмыстарына мердігер мекеме «САЛА» ЖШС. Қазіргі уақытта ғимараттың жері қоршалып, тегістеліп, құрылыс материалдары әкелінуде. Мектеп құрылысы 2024 жылғы маусым айында аяқталмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button