Жарнама
Мәдениет

«Әлем таныған Республикам менің!»

Атырауда Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ғ. Сланов атындағы әмбебап кітапханада өткен мерекелік шара «Әлем таныған Республикам менің!» деп аталды. Көрмеге Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысты.

Айтулы мерекеге арналған иллюстрациялық кітап көрмесі еліміздің даму тарихын көрсетеді. Кітапхана оқырмандарымен әңгіме барысында кітапханашы ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның жетістіктерін, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі туралы баяндады. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жағдайда: қолданылу кезеңі» атты үш томдық кітаптарын оқырман  назарына ұсынды. Бұл кітапта баяндамалар, сұхбаттар мен мақалалар жинақталған. Ел өміріндегі маңызды оқиғалар, Президент бастаған реформалар мен өзгерістер, ел дамуының эволюциялық және жасампаз жолы, жаңа Қазақстанның құрылуы, елдің мүмкіндіктері, Қазақстанның  жарқын жолы оқырмандарға өзінің  оқиғалар шежіресі мен алдағы реформалар түрінде ұсынылады.

Сондай-ақ, оқырмандар назарына Әуелбек Әнуарбектің «Болашаққа қолдан Қазақстан», Азамат Байтасовтың «Бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері», «Мен — Қазақстан азаматымын», «Қазақстан Республикасы: саяси жаңғыру» кітаптары ұсынылды. Бұл кітаптарда Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері және Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғалар мен қазақстандық қоғамды жаңғырту мәселелері қарастырылған.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button