Жарнама
Мәдениет

АҚЫНДАР ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТПЕК

 

Күні ертең облыс орталығында өткелі отырған ақындар айтысында шымкенттік бес ақын жергілікті айтыскерлермен сөз сайыстырмақ. Осы қалайы жоқ өнерпаздардың арасында белгілі ақын Жарқынбек Наушабек, Маржан Есжанова, жас жүйріктер Біржан Байту, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұқан Абзаловтар бар. Аймақ атынан шығатын ақындардың бірі ретінде додаға түсу маған да үлкен міндет жүктейтіні айтпаса да түсінікті.

Сейсенбіде ұстазымыз Қойшығұл Жылқышиев бастаған бір топ айтыс ақыны шырайлы Шымкенттен қазыналы Атырауға жол салған әріптестерімізді күтіп алып, біраз әңгіме-дүкен құрдық. Байқағанымыз, ақындар ерекше шабытпен келгенге ұқсайды. Бәрінің ойы – алдағы додада халықтың көңіліндегіні айтып, атыраулықтарға тамаша жыр кешін сыйлау. Өңірдегі өнердің дамуы, қаламыздың қазіргі келбеті төңірегінде ойын білмек болып кейбірінен сыр тартып көргенбіз.

– Бұл менің батыс өңіріне, оның ішінде Атырауға алғаш аяқ басуым. Киелі топыраққа табан тіреген сәттен бастап бұл жақтың қонақжайлығы, әсіресе, Шымкенттен келген жалпы өнер ұжымына облыстың басшыларына дейін тік тұрып құрмет көрсетіп, қарсылап алуы ерекше әсер қалдырды, — дейді қарсыласым Қажымұқан ақын. — Өнерге келер болсақ, бұл өңір – небір ақтаңгер ақындар жүріп өткен құтты мекен.  Әбу, Хамит, Жұмекен, Фаризалардың  жырларын жаттап өскен аймақта кейінгі буын талай ақындардың өсіп жетілуі заңдылық. Бұл жердің ақындарында ерекше бір зіл бар. Соған шыдас беруге іштей дайындалып та, бір жағынан уайымдап та келген жайымыз бар, — деген ол ерке Жайық бойынан алған әсерін жасырмады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ,

айтыскер ақын.

Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button