Мәдениет
«АҚ КӨЙЛЕК, ҚЫЗЫЛ КАМЗОЛ-АЙ…»
Облыстық халық шығармашылығы орталығының шығармашылық топ жетекшісі Жанаргүл Тәжіғалиеваның айтуынша, ансамбль құрамы «Этностиль» байқауында Дәулеткерейдің «Көрғұлы» және халық әндері «Хәләулім» мен «Қараторғайды» орындаған. ТМД елдері арасында өткен байқауда әр ел өзінің ұлттық дәстүрін, өнерін, ұлттық киімдерін де насихаттаған.
Қазақ елі атынан қатысқан өнерпаздар облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Алма Андарбаеваның дизайны бойынша тігілген жасыл түсті қазақтың ұлттық киімдерінен үлгі көрсеткен. Көрермендер қазақтың барқыт камзолы мен тымақ бөркіне, ұзын етекті бүрмелі көйлегіне, ақ бешпентіне таңғалды.
Нұргүл НАСЫР.