АЙТЫС! АЙТЫС! АЙТЫС!

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

Республикалық ақындар айтысы

Құрметті көрермендер!

Екінші дүниежүзілік соғыстың халқымызға әкелген зардаптары әлі күнге есімізде. Сол кезеңде осынау байтақ даламызды қорғап қалған қаһармандарымызды біз мәңгі-бақи ұлығылауға тиіспіз. Ер етігімен қан кешкен тарихтың тарпаң тұсында елде еңбек етіп, Ұлы Жеңістің жақындай түсуіне ерекше үлес қосып, маңдай терін төккен атақты аталарымыз бен аналарымыз хақында қанша айтсақ та аздық етпейді. «Нұр Отан» ХДП және Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен осы жылдың 2-3 мамыр күндері Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында өтетін Республикалық айтыс «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» деп аталады. Ақындарымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына өз айтыстарын арнайды.

Айтыстың басталуы: сағат 10.00.

Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

 

Қазылар алқасының төрағасы – Асанәлі Әшімов – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

Мүшелері:

Несіпбек Айтұлы – ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Алтынбек Қоразбаев – әнші, сазгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Бекболат Тілеухан – әнші, сазгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Мэлс Қосымбаев – белгілі айтыскер, филология ғылымдарының кандидаты.

Қойшығұл Жылқышиев – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау филиалының директоры.

 

Айтысқа кіру тегін!!!

«Нұр Отан» партиясы.

Атырау облысының әкімдігі.

Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау филиалы.

Байланыс телефондары:  87017366473, 75-57-48.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз