Жарнама
Мәдениет

Абай-180: Атырауда ерекше рухани шара өтеді

10 тамыз күні сағат 10:00-де Атырау қаласындағы Абай ескерткіші алаңында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтеді.

Атырау қалалық мәдениет бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, “Хакім Абайдың ізімен” деп аталатын бұл ерекше күн – рухани жаңғыру мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға арналған мағыналы бастама. Мәдени мұраны насихаттап, жаңа буынды Абайдың өнегелі жолымен таныстыруды мақсат еткен шара көпшілікке терең ой мен рухани әсер сыйлайды.

Бағдарламада театрландырылған көріністер, ұттық ойындар сайысы, Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі, ән мен күйге, поэзия мен терең мағынаға толы әдеби-мәдени кеш қамтылады.

Бұл – халқымыздың біртуар тұлғасы Абайдың рухани мұрасына тағзым етіп, оның ілімін бүгінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған тағылымды іс-шара болмақ.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button