Жарнама
Инфрақұрылым

Жолдардың жаңғыруы – жақсылықтың нышаны

Жолдар — өңірдің ғана емес, тұтастай ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Жаңа жолдардың құрылысы жолаушы және жүк тасымалындағы кедергілерді азайтып, ара қашықтықты айтарлықтай қысқартады. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметтің өзіндік құны төмендеп, бағасы едәуір арзандайды.

Тәуелсіз сарапшылардың пайымдауынша, жаңарып, жаңғырған сапалы жолдар – жалпы көлік инфрақұрылымының тиімді дамуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, бұл – жақсылықтың нышаны.

Сапалы жолдар ел ішіндегі көлік қатынастарын нығайта түседі. Өйткені автомобиль магистральдары транзиттік тасымалдарды қамтамасыз етіп қана қоймай, республика өңірлерін бір-бірімен байланыстырады. Әсіресе, жолдардың кеңейтілуі өңірлердің өркендеуіне тікелей ықпал етуде.

Атап айтқанда, облыстық және республикалық маңыздағы жолдардың жоғары санатқа ауыстырылуы, екі жолақтан үш немесе төрт жолақты қозғалысқа көшуі – көлік ағынын реттеп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мәселен, қазіргі таңда реконструкциялау жобасы жүзеге асырылып жатқан республикалық маңыздағы Атырау–Доссор тас жолының құрылысын осы тұрғыда атап өтуге болады. Бұған қоса, жол құрылысына қолданылатын материалдардың төзімділігі мен сапасын қадағалайтын, халықаралық стандарттарға сай жұмыс жүргізіп жатқан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Атырау филиалы да өз қызметін жандандыра түсуде.

Қорытындылай келгенде жоғарыда аталған бастамалар жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге қолайлы жағдай туғызып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button