
Жерасты желілері жаңарып, қауіпсіздік күшейтілуде
Қазір Атырау қаласының аумағында инженерлік желілерді жаңғырту және инфрақұрылым сапасын арттыру бағытында бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, заманауи талаптарға сай техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кабель жүйелерін реттеу (реглаж), арнайы полка, перегородка және бетон плиталарды орнату жұмыстары атқарылуда. Бұл іс-шаралар кабель желілерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Кабель төсеу мен құрылымдарды орнату үшін қажетті көлемде қазу жұмыстары жүргізілуде. Жерасты инфрақұрылымын жүйелі түрде орналастыру – қауіпсіздік пен ұзақмерзімділіктің кепілі.
Кабельдерді дұрыс бағытта орналастырып, сыртқы әсерлерден қорғау мақсатында арнайы лотоктар мен тіреуіштер салынуда.
Бұл заманауи әдіс арқылы жол төсеміне зиян келтірмей, жерасты коммуникациялары орнатылады. Әдістің басты артықшылығы – көлік қозғалысына кедергі келтірмей жұмыс жүргізу мүмкіндігі.
2/2 өлшеміндегі бетон (монолитті) камералар орнатылып, байланыстыру және тарату тораптары жасақталуда. Бұл құрылғылар кабель желілерінің түйісу және бақылау нүктесі ретінде қызмет етеді.
Құрылыстың беріктігін арттыру және су ағымын тиімді басқару үшін арнайы қиыршық тас төселуде. Аталған жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңартуға және болашақта туындайтын техникалық қажеттіліктерге дайын болуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл шаралар тұрғындар үшін көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, қала тіршілігін жеңілдетуге үлес қосады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА