Жарнама
ИнфрақұрылымБілімЖаңалықтар

Жас ғалымдар жол-көлік оқиғасының алдын алатын жаңа жоба ойлап тапты

Зерттеулерге сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі бүгінде жүргізушілердің ұйықтап кетуінен болады. Бұл мәселе жас ғалымдардың да назарынан тыс қалмапты. Олар бұл тақырыптағы жобасын  «ABAY GYLYM FEST» ауқымды ғылыми фестивалінде көрсетті.

«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Азамат Тельманұлы мен Дарын Тілекқабылдың рельефтік сызықтардан жасаған музыкалық дыбыстар шығаратын жол жобасы тасжолдағы автокөліктің қауіпсіздігі үшін аса құнды көрінді.

bed9022c 2e46 4944 8aca ac30de9a26e6

Музыкалық жол – қозғалыс кезінде тактильді діріл мен дыбыстық шуды дөңгелектер арқылы көлік шанағына әуен түрінде жеткізетін жоба. Ол жер бетінде арнайы профильді қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Музыкалық жол рельефтік сызықтардан жасалады және олардан музыкалық дыбыстар шығуы үшін бір-бірінен арнайы есептелген қашықтықта орналасады.

– Музыкалық жол алыс сапарға шыққан жүргізушіні көлік ішінде әуен және діріл шығару арқылы ұйықтап кетуден сақтандырады. Мұндай жолдар өркениеті дамыған елдерде әлдеқашаннан бар. Мәселен, Данияда 1995 жылдан бері қолданыста болса, Солтүстік Корея 2006 жылдан бастап пайдаланады. Жапония 2007 жылы, ал АҚШ 2008 жылы өз тәжірибесіне енгізіп үлгерген. Осы әдістің біздің елде де тиімді жүзеге асқанын қалаймыз. Өйткені, Қазақстанда жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 30 мыңнан астам тұрғын жарақат алады екен. Республикадағы жол апаты кезіндегі өлім Норвегиямен салыстырғанда 11 есе жоғары, — дейді жоба авторлары Азамат пен Дарын.

Дүниежүзілік зерттеулерге сүйенсек, АҚШ-та жол-көлік оқиғасы азайып келеді. Бұған бір себеп музыкалық жолдың тиімді қолданылуы және барлық штатта көлікті жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынған. Көлікте телефоннан бас тартудың түрлі қызықты әдіс-тәсілдері де бар екен. Жас дарындар келешекте осы бағытта тың дүние іздеп, жаңа жоба жасайтынын айтты.

Алтыншаш Құрмашева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button