Жарнама
Инфрақұрылым

Сумен қамту – басты назарда

Көктемгі-жазғы кезеңде қажетті инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары да басталады. Атырауда қазір кәріз және су құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарымен 33 шақырымдай кәріз желілері мен 60 шақырымдай құбырлар қамтылды. Бұл тек қалада ғана емес, қала маңындағы елді мекендерде де су шығынын азайтады. 

img 9903

Республика Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов «Атырау облысы су арнасы» ұжымымен кездесіп,  мекеменің жұмыс барысымен және де алдағы жоспарлармен танысты. Кәсіпорынға түсетін жүк ауыр, бірақ, ресурстар бар. Жақында жаңа техникамен де толықты. «Атырау облысы Су арнасы» кәсіпорны атыраулықтарға сапалы қызмет көрсету үшін JAC ассенизатор, жылжымалы жөндеу шеберханалары, телескоптық тиегіштер, қызметкерлерге арналған жаңа жұмыс киімдері, қажетті жабдықтар сатып алған. 

img 9904

– Бүгін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше маңызды нысандармен таныстым. Оның ішінде, Атырау қаласындағы су тазарту қондырғысындағы өнімділігі 180 мың м3/тәулігіне I-көтерілу сорғы станциясы. Өткен жылдың желтоқсан айында Атырау қаласының су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінің бастау суын алған жерлерде шұға (мұзкұрсау) пайда болғаны бәріміздің есімізде. Осы себептен Атырау, қала маңындағы ауылдар мен Мақат ауданындағы тұтынушыларға су беру тоқтатылды. Сумен қамтамасыз етудегі мұндай жағдайды жою үшін I-ші көтерілу сорғы станциясын қайта құру қажет. Қайта құрудың жұмыс жобасын әзірлеу 2019 жылы басталды. Қазір жобалау-сметалық құжаты (ЖСҚ) дайын, жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллиард теңге қажет. Сондай-ақ, су тазарту қондырғысындағы қуаттылығы тәулігіне 60 мың м3/тәулігіне №6 сорғы және сүзу стансасын қайта құруға шамамен 8 миллиард теңге қажет. Мұнда да ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу керек. Қыркүйек айында республикалық бюджетті қарау кезінде осы жобаларды қаржыландыру мәселесін көтереміз деп келістік. Сонымен қатар, жер асты суларының деңгейін төмендету үшін қалада дренаж жүйесін ұйымдастыру шараларын қабылдау қажет деп санаймын, — деді Дүйсенбай Нұрбайұлы. 

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button