
Қызылқоға ауданы толықтай көгілдір отынмен қамтылды
Қызылқоға ауданы тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық орын алды. Ауданға қарасты барлық 26 елді мекен енді көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Қызылқоға ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2008 жылы басталған газдандыру жұмыстары 20 елді мекенді қамтып, 86%-ды құраған еді. Биыл Соркөл, Сарқұмақ, Кенбай, Қоңыраулы, Тасқұдық және Былқылдақты секілді шағын елді мекендерге табиғи газ жеткізілді. Нәтижесінде 97 үйге көгілдір отын кіріп, тұрғындардың тұрмысы жеңілдей түсті.
-2021 жылы басталған бұл ауқымды жобаны «Газстрой» ЖШС жүзеге асырды. Жоба аясында 122 шақырым газ құбыры тартылды. Газдандырудың толық аяқталуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетіп, тұрғындарға жайлы өмір сүру үшін маңызды жағдай жасауда, — делінген баспасөз хабарламасында.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ