Жарнама
Инфрақұрылым

Құрманғазыда әлеуметтік 153 нысан мен 67 үй жылыту маусымына дайын

Құрманғазы ауданы, Құрманғазв ауылындағы Ә.Жангелдин, Х.Испуллаев және М.Гилаев көшелеріндегі 1,5 шақырым жылу құбыры ағымдағы жөндеуден өтті. Бұдан бөлек аудандағы көппәтерлі 67 тұрғын үйдің 12-сі орталық жылу қазандығына қосылса, 55 үй автономды жүйеде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражовтың айтуынша, ауданда барлығы 153 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 56 білім беру ұйымы, 49 мәдениет мекемесі, 28 денсаулық сақтау нысаны, 19 ауылдық округ нысандары және бір орталық жылу қазандығы қамтылған.

ҚР Энергетика министрлігінің талаптарына сәйкес нысандардың дайындық паспорттары тамыз-қыркүйек айлары аралығында рәсімделмек. Әлеуметтік нысандарға жылу 1 қазаннан бастап, ал көпқабатты тұрғын үйлерге 15 қазаннан бастап берілетін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button