
Инфрақұрылым
Құрманғазы ауылдық округі жарықтандырылды
Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылдық округіндегі 21 көшеге 5 600 метр электр желісі тартылып, 144 LED жарық шамы мен 105 бағана орнатылды. Жобаны «Күнге Жк» мердігер мекемесі жүзеге асырды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауылдық округ әкімі Мұса Абдуррахманның айтуынша, «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл жоба тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, кешкі уақытта қозғалысты жеңілдетеді. Қазір округтегі 59 көшенің 57-сі жарықтандырылған. Қалған көшелерді жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ. Бастама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам саналады.