![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 1 kamaz](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/kamaz.jpg)
Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бүгінде облыс орталығында жоспарланған жол жөндеу-құрылыс жұмыстары жандана түсті. Бұл нысандардың қатарында Ж.Молдағалиев көшесі де қамтылған.
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 2 6](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/6-1024x682.jpg)
Аталған көшенің Азаттық даңғылымен қиылысқан тұсынан басталып, Жайық жағасында орналасқан «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі аралығын алып жатқан учаскедегі жұмыстарды «МКДСМ» ЖШС-нің мамандары атқаруда.
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 3 9](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/9-1024x682.jpg)
Құрылыс учаскесінің бастығы Айдос Әженовтың айтуынша, жоба бойынша бұл жерде жоспарланған жолды асфальттау жұмыстары екі аптада аяқталады. Арнаулы техникалардың су тасқынынан қорғану жұмыстарына жіберілуі себепті, осыған дейін негізінен қол күшімен жасалатын тротуар төсеу, жиектастарды орналастыру жұмыстары жүзеге асырылған. Құрылыстың негізгі бөлігі – жол салу жұмыстары енді ғана басталыпты.
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 4 10 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/10-1-682x1024.jpg)
–Қазір құрылыс алаңындағы жұмыстарға 7 «Шахман» жүк автокөлігі, бір-бірден автогрейдер мен тракторлар, 25 жұмысшы тартылып отыр. Көше жолын асфальттауға жаңа технологиямен дайындалған, төзімділігі мен тиімділігі жоғары материалдар пайдаланылады. Осындағы жұмыстар аяқталған соң қаланың Жұмағалиев пен Әліпов көшелеріне орташа жөндеу жүргіземіз, — дейді мердігер кәсіпорынның өкілі.
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 5 13](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/13-1024x682.jpg)
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 6 12](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/12-1024x682.jpg)
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 7 88888888](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/88888888-1024x682.jpg)
![Жұбан ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды 8 bez imeniccccccccc](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/bez-imeniccccccccc-1024x682.jpg)
Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ