Құм ортасында асфальт жол болады
Аудан орталығынан 50 шақырым қашықтағы Тайсойған ауылы тұрғындарының басты мәселесі көлік қатынасы болатын. Бұған дейін күн тәртібінен түсіп көрмеген бұл мәселенің жергілікті халық ақиқатқа айналарына күні кешеге дейін сенбеген де еді.
Жуырда Миялы ауылынан Тайсойған бағытына қарай асфальт жолдың құрылысы басталды. Аудан орталығынан басталған жолдың ұзындығы – 45 километр. Тасжол тиісті талапқа сәйкес IV санатқа жатады.
Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші – Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Бүгінде жолдың негізгі сорабын тегістеу жұмыстары басталған. Мемлекеттік сатып алу заңдылықтары негізінде құрылысты жүргізу «Ассана дорстрой» ЖШС-іне бұйырды.
Жоспарға сәйкес, жолдың құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс.
Алмас БАУЫРЖАН
Қызылқоға ауданы