Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыда тасқын кезінде бүлінген жолдар қалпына келтірілуде

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша,
қазір аудан орталығындағы «Автожолшылар-2» шағынауданындағы көшелерден бастап қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Бүгінде орталық ауруханаға кірме жол, тасқын судан бүлінген Қожанов көшесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме — «Қазком сервис» ЖШС. Қала бойынша су шайған жолдарды қалпына келтіру  жұмыстарын күз мезгіліне дейін толық аяқтау жоспарда, — деді спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button