«ҚазМұнайГаз» зардап шеккендерге көмектеседі

bez imeni 2 Инфрақұрылым

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, компания өз қызметін жүргізетін өңірлердегі инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру үшін қаржылай көмек көрсетеді.

Бүгін компания басшысы су тасқыны кезеңіне байланысты қалыптасқан жағдай бойынша жиналыс өткізді. Компанияның Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев еншілес ұйымдарға жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, қажетті көмек көлемін шұғыл анықтауды тапсырды. Компания қаражатты өндірістік қызметін жүргізетін өңірлерге (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары) жіберетін болады.

Қазір «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС эвакуациялық тікұшақтарға жанармай құю жұмыстарын жеделдету мақсатында Ақтөбе облысының зардап шеккен аудандарына барып, көмек беруде. «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері тәулік бойы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз