Жарнама
Инфрақұрылым

Құлсарыда қайта жаңғыртылған көпір пайдалануға берілді

Құлсары қаласында қаңтар айында басталған «Достық» шағынауданындағы автомобиль көпірін қайта жаңғырту» жобасы аясында нысанға толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көпір ел игілігіне пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайта жаңғыртылған көпір үстінің ұзындығы – 33 метр, жалпы ұзындығы – 238 метр, ал ені – 17,1 метр. Жобаның тапсырыс берушісі – Жылыой аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрылыс жұмыстарын бас мердіргер ретінде «SK Kazalem» ЖШС жүзеге асырды.

–Бұл көпір тек құрылыс нысаны емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының кепілі. Қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмылып, ел үшін еңбек ету – бәріміздің ортақ борышымыз. Халық игілігіне берілген көпір құтты болсын! — деді көпірдің ашылу салтанатында сөз алған Құлсары қаласының әкімі Қадіржан Адинов.

Айта кетейік, былтыр су тасқынының салдарынан қаладағы бірқатар инфрақұрылым нысаны зардап шеккен болатын. Солардың бірі — «Достық» шағынауданындағы осы көпір бүлініп, көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша тоқтаған еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button