Инфрақұрылым

Облыс әкімі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтады

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов XVII жазғы паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен және қатысушыларымен кездесіп, спорттағы жоғары жетістіктері үшін арнайы марапат табыстады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл паралимпиадаға қатысқан атыраулық спортшылар Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлде алды.

–Сіздерді спорт әлеміндегі дүбірлі дода, төртжылдықтың басты бәсекесінің бірі — Париж Паралимпиадасындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтап, жастарға жарқын үлгі бола білгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Атырау жұрты ел намысы жолында аянбай тер төгіп, биік мақсаттарға көз тіккен өздеріңіздей еңселі перзенттерін мақтан тұтады. Алар асуларыңыз көп болып, қоржыныңыз жүлдеге толсын! Еңбегіңіздің жемісті, жолыңыздың жеңісті болуына тілекшімін!-деді С.Шәпкенов.

Шарада Серік Шәпкенов Атырау спортын дамытуға үлес қосып жүрген спортшыларға Алғыс хат пен ақшалай сертификат табыстады.

Сонымен қатар паралимпиада жеңімпаздары Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков пен бапкеріне «Infinity Eco Park» компаниясы «Zeekr» автокөлігін сыйға тартты.

Айта кету керек, Париж олимпиадасында ұлттық құрама сапында 16 атыраулық спортшы өнер көрсетті. Облыста ерекше қажеттілігі бар 1 367 адам жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button