Жарнама
Инфрақұрылым

«Нұрсаяда» 66 шақырымдық жаңа электр желісі тартылуда

Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданында тұрғындарды үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайтын жаңа электр желісі тартылып жатыр.

Атырау қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Хамзаевтың айтуынша, жаңа тарату пункті салынып, оған 18 ұяшық орнатылды. Ескі трансформаторлық қосалқы станция бұзылып, орнына заманауи, қуаты жоғары жаңа нұсқасы салынды. 10 мың метрден астам кабель желісіне траншея қазылды. 2,5 мыңнан астам кабель науасы орнатылды. 18 мың метрден астам құбыр төсеу үшін горизонталды бағытталған бұрғылау әдісі қолданылды. 25 мың метрден астам кабель тартылды.

-Бұл жоба «Нұрсая» тұрғындарына тұрақты әрі қауіпсіз электр қуатын жеткізуге бағытталған. Жаңа желілер мен заманауи жабдықтар электр энергиясының сапасын арттырып, жиі кездесетін үзілістер мен техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді, — дейді Ж.Хамзаев.

Айта кету керек, жоспар бойынша барлық инфрақұрылымдық жұмыс биыл қазан айында толықтай аяқталады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button