Инфрақұрылым
«Миялы–Жангелдин» айналма жолы ашылды
Атырау облысы Қызылқоға аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен «Миялы-Жангелдин» арасындағы бұзылған тасжолға айналма жол салынды.
Кеше ауыл еріктілері Миялы ауылынан Жангелдинге шығу бағытында 3 шақырым қашықтықтағы «Кенен» көпіріне дейін қапшыққа құм толтырып, асфальт жабындыларын құрастыру арқылы жаяу жол салынады. Төрт КамАЗ, төрт тиегіш, бір автогрейдер техникаларының көмегімен қиыршық тас пен құм төгіліп көпір жасалып, уақытша жол ашылды.
Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы