Инфрақұрылым
Махамбет-Ортақшыл: көпір көлік қозғалысына қауіпсіз
Махамбет пен Ортақшыл ауылдарын байланыстыратын, сондай-ақ, «Атырау-Индер» тас жолына апаратын көпір көлік жүргізушілеріне қауіп төндірмейді, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Қазір көпір бойында тасқын суының шаю дерегі тіркеліп отыр, алайда бұл жағдай көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп отырған жоқ. Жолдың бұл бөлігін полиция тәулік бойы патрульдеуде.
Еске сала кетейік, Индер ауданынан Махамбет ауданының Ақжайық ауылына судың көп келуі байқалып отыр. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен полицияның бақылауында.