Жарнама
Инфрақұрылым

Махамбет ауданындағы 7 ауылдың жолы күрделі жөндеуден өтті

Биыл 26,58 шақырымды құрайтын 7 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, Махамбет ауылында 19,5 км асфальттің бірінші қабаты төселді.

Бұл туралы Махамбет аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Шакимов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Атап айтсақ, Талдыкөлде 2,4 км, Ақтоғайда 2,04 км, Ортақшылда 2,2 км, Алғада 5,13 км ,Таңдайда 3,8 км, Сарайшықта 4,41 км, Жалғансайда 6,6 км ауылішілік жол жөнделді. Сонымен қатар, Махамбет ауылына 2,3 км, ал Жалғансай ауылына 9,6 км жаяу жүргіншілер жолы салынды. Махамбет ауылындағы жолдың екінші қабаты келесі жылы төселеді, — деді А.Шакимов.

2025 жылы Махамбет ауылында 18,6 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button