Инфрақұрылым
Көздіғараның жолы жөнделе бастады
Атырау облысы Қызылқоға ауданында Қоныстану ауылынан шыға берістегі тасқын су шайып кеткен бір шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды.
Аудандық жедел штабтың тапсымасына сәйкес, бұзылған жолды жөнге келтіру үшін әуелі оның табанына биік етіп топырақ төгілді. Қазір топырақ тығыздалып, тегістелуде. Мұнда жұмыстар өр суының келуімен байланысты осында шоғырландырылған қуатты техникалардың және
ауыл тұрғындарымен күшімен атқарылуда. Аталған нысандардағы жұмыстардың
барысы аудан басшылығының бақылауында.
Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы