Жарнама
Инфрақұрылым

Көгілдір отынға мұқтаждық болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ахуалын жақсарту, елді дамыту бағытанда түрлі бастамалар көтеріп келеді. Әсіресе, алыс ауылдар мен елді мекендерді қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселесін үнемі өзінің назарында ұстауда. Бұл мәселе биылғы қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да айтылды.

Бұл ретте ол:

«Баршаға белгілі «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн» деді.

Расымен де, соңғы жылдары халықты көгілдір отынмен қамту бағытында елімізде көптеген оң өзгеріс орын алуда. Басқасын айтпағанда шалғайда жатқан біздің ауданда да бұл жұмыстар алға басуда. Бұған дейін ауылдық округтер түгелдей көгілдір отынмен қамтылса, қазіргі таңда Сағыз, Мұқыр ауылдық округтеріне қарасты алыс жатқан алты елді мекенге газ тартылуда. Ол жұмыстар да аяқталуға жақын. Егер сол жұмыстар аяқталса аудан 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылатын болады. Ендеше осындай жарқын жобалар жалғасын тауып, ауданымыз өркендеп дами берсін!

Бауыржан КЕРЕЕВ,

Мақат аудандық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button