Келесі айдан бастап жарық бағасы өсуі мүмкін
Келесі айдан бастап облыс аумағында жарық бағасы өсуі мүмкін. Кеше Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудадағы шекті бағасынкөтеруге қатысты ұсынысына байланысты қоғамдық тыңдау өткізді.
«Атырау Энергосату» ЖШС директоры Тұрлан Дощатовтың айтуынша, тарифті көтерудегі басты себеп – қызметкерлердің жалақысы. Үй, пәтерлерді аралап, ай сайын энергия есептегіш құралдың көрсеткіштерін белгілеп жүретін бақылаушы-мамандардың жалақысы бүгінде небәрі 100-110 мың теңге шамасында екен. Ал, аз айлыққа ешкім жұмыс істегісі келмейді. Соның кесірінен қазір «Атырау Энергосату» серіктестігінде 20-25 маман тапшы. Бұл сала техникалыққауіпсіздікпен тікелей байланысты болғандықтан, онда кез-келген адам жұмыс істей алмайды. Оның үстіне, лифтісі жоқтоғыз, он екі, он алты қабатты үйлерді жаяу аралап, есептегіш құралдың көрсеткіштерін жазып алу керек. Ол да екініңбірінің қолынан келе бермейтін іс.
– Биыл жалақыны көтеруге қатысты өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап бірыңғай сатып алу жүйесішықты. Шыны керек, бізге келген жас мамандар үш күнненартық тұрақтамайды. Өйткені, жауапты әрі қиын жұмыстыңмардымсыз айлығы шыдатпайды. Тек зейнет жасынажақындағандар ғана амалсыздан қалып отыр. Сондықтан, тарифті көтеруге мәжбүрміз. Егер ол өскен жағдайдақызметкерлердің жалақысы қараша айынан бастап көбейеді, — дейді Т.Дощатов.
Қоғамдық тыңдау барысында қоғам белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары да сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты. Күні бүгін Ақтау қаласында жарықтың 1 киловаты 19 теңге, Оралда 24 теңгеден сатылады. Ал, Атыраудағы шектібағаны жақын күндері Табиғи монополияларды реттеукомитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекітеді.
Айбөпе САБЫРОВА