Жарнама
Инфрақұрылым

Инфрақұрылым игілігін қашан көреміз?

Қала мен ауылдың тұрмыс жағдайы үшін маңызды инфрақұрылымдық жүйесінің бірі — кәріз жүйесі екендігі белгілі. Бүгінде Атырау қаласының ағынды су тазарту деңгейін бекітілген көрсетішке жеткізу мақсатында Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан кәріздік тазарту имаратын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 57 пайызға орындалып отыр. Жоба биыл жыл соңына дейін іске асырылады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, Жылыой ауданындағы негізгі мәселенің бірі – Құлсары қаласында кәріз тазарту имараты құрылысын жобалау. Бүгінде қажетті жер учаскеcі бөлініп, іске асыру үшін демеуші мекемелер қызығушылық танытқанымен, жұмыстар әзірге басталмай отыр. Бұл жобаны жергілікті әкімдік бюджет есебінен іске асыруды көздеп отыр.  

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button