Жарнама
Инфрақұрылым

Ғимараттар қысқа дайын

Ауданда 15 орта мектеп, мектептен тыс 4 мекеме, 11 балабақша, 12 денсаулық сақтау нысаны, 10 мәдениет мекемесі, балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 спорт мектебі, 10 бюджеттік мекеме және 11 су тазарту қондырғысы қысқы кезеңге әзір. Индербор кентіндегі көп қабатты 18 үйге орталықтандырылған 8 қазандық арқылы жылу беріледі.

Дайындық аясында жоспарланған 42 іс-шараның 35-і толық жүзеге асты. Қалғаны мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

– Ауылдық округтерде су тазарту қондырғылары мен жылу қазандықтары, трансформаторлар мен насостар орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көп қабатты үйлердің жылу ғимараттары мен әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелері жаңартылды, — деді аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.

А.ШОҚАН

Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button