
Инфрақұрылым
Елтай ауылының көшелеріне жарық шамдары орнатылды
Индер ауданының Елтай ауылына 100 жарықдиодты шам орнатылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Биыл ауылдың 12 көшесіне барлығы 185 жаңа жарық шам орнатылды. Соның ішінде Саптаяқов, Базарбаев, Датұлы, Шарипов, Қауашева, Тайманұлы көшелері ішінара жарықтандырылғандықтан, жаңадан желі тартылып, қосымша шамдар орнатылды,-деді ауыл әкімі Дулатбай Сариев.
Әкімнің айтуынша, ауылдағы толық жарықтандырылмаған 7 көшеге келер жылы жарықдиодты шамдар орнатылады.
Айта кетейік, биыл Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында 8 көшеге барлығы 120 шам қондырылып, ауыл толықтай жарықпен қамтамасыз етілді.