
Елімізде республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады
«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. ЕлімізЕуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретінартықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалыавто және теміржолдарды қалдыруымыз керек». Өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осылай деген болатын.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы жолдардың құрылысы, қайта жаңғыртылуы және жөнделуімен байланысты жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырымды құрады. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалықмаңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғыртужәне жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Жыл ішінде 7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарында құрылыс жұмыстары мәресіне жетті. Жобаларды іске асырукөліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүрууақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетінарттыруға, ел аймақтары арасындағы көлікбайланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеужұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, СолтүстікҚазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655, Солтүстік Қазақстанда 611, Шығыс Қазақстанда 305, Ақтөбеде 301 шақырым, Павлодарда 272 шақырымжұмыстар аяқталды.
Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандықкомпания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылғанматериалдардың ішінде отандық өнімнің үлесішамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардыңарқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайыұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ғажетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш68%-ға жеткен. Үш ірі инфрақұрылымдық жобажүзеге асырылды. Олардың қатарында ОрталықАзиядағы ең ұзын деп танылған Шығыс Қазақстаноблысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетінкөпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағықос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағыШамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.
Әр нысанның өз артықшылығы бар. ШығысҚазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпіржеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өтууақыты 4 минутты құрайды. Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуыарқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастанүздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағыШамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды, теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді. Былтырғы құрылыс маусымының қорытындысымен Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және басқа да туристік орындарға дейін көлік қозғалысы ашылды.
Алдағы екі жылда елімізде жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым республикалық маңызы бар жол салынады. Осылайша, жаңа жолдар өңірлерді дамытудың драйверіне айналды.
Сурет: egemen.kz