Жарнама
Инфрақұрылым

Атыраудың басты даңғылы жаңғыртылады

Өңір инфрақұрылымының жақсаруы облыс орталығынан басталатыны уақыт өткен сайын нақты істермен дәлелденуде. Биыл мұнайлы астананың бас даңғылы – Қаныш Сәтбаев даңғылы қайта жаңғыртылады. Ұзындығы 2,34 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жұмысы сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме де анықталғаны көңілге қуаныш ұялатуда.

Көпшілікке жағымды жаңалықты жария еткен аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, жоба аясында даңғылдың Ерниязов көшесімен қиылысатын тұсынан бастап Құрманғазы көшесіне дейінгі аралығына қосымша бір жолақ салынады. Яғни, даңғыл кеңейіп, айналасы абаттандырылмақ.
Көңілге қонымды жайттың бірі – қазір Атырау қаласындағы негізгі елді мекендердің 95 пайызы тас жолмен қамтылған. Бүгінде шаhарға қарасты ауылдық округтер аумағындағы тас жолы жоқ көшелерге асфальт төсеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда екен. Осы тұрғыда ұсынылып отырған жоба шеңберінде 60 шақырымға жуық жерге жол салу көзделген.
Атырау қаласын қазыналы өлкеміздің бас шаһары, өңірдің даму деңгейін көрсететін айнасына теңесек, оның өміріндегі әрбір оқиға, атқарылған іс – барша атыраулықтың қуанышы. Жақсылықтар жалғасын таба бергей!

Ғаббас ХИСМЕТУЛЛИН, құрылыс саласының ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button