Жарнама
Инфрақұрылым

Атыраудағы газ тарату стансасы мен магистралды газ құбырының құрылысы қыркүйекте аяқталады

Нәтижесінде сағатына 50 мың текше газ өткізетін стансаның мүмкіндігі 120 мың текшеге артады. 46 км магистралды газ құбырының бүгінде 20 шақырым газ желісі жүргізілді.

Бұл туралы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Жантас Оспан мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Былтыр Қызылқоға ауданының алты шағын елді-мекеніне жалпы ұзындығы 122 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, Соркөл, Сарқұмақ, Кенбай, Қоңыраулы, Тасқұдық және Былқылдақты елдімекендеріндегі 118 үйге газ тартылды. Соған сәйкес бүгінде облыс халқы 99,9% көгілдір отынмен қамтылған. Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан «Финская 120» АГТС және «Редут Финская 120» АГТС магистралды газ құбырын салу жұмыстары былтыр мамырда басталды. Бұл нысандар 1994 жылдан бері жұмыс жасап тұрғандықтан ескіріп, қуаты төмендеген. Құрылыс аяқталған соң стансаның газ өткізу мүмкіндігі артып, тұрғындар газбен үздіксіз қамтылмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, — деді Ж.Оспан.

Талғайраң ауылындағы «Спутник» қалашығын газбен жабдықтау жұмыстарының биыл аяқталатынын да айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button