Атырауда пәтер иелері кооперативтерінің мәселесі қаралды

e0e10373 4fe3 4cd2 9dff 5b3252c34be6 Инфрақұрылым

Елімізде тұрғын үй қоры мен кондоминиум нысандарын басқару жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен енгізілген өзгерістерге қарамастан бұл салада пәтер иелері кооперативтеріне жүктелер міндет пен жауапкершілік жеңілдеген жоқ. 

Олардың атқаратын жұмыс ауқымы да азаймай тұр. Десек те, мұнда қордаланған проблемалар, шұғыл шешімін күткен өзекті мәселелер де жеткілікті.

a2e2b3bd a7b4 41eb b8b9 449762800d15

Қазақстан Халық Партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастырған “Дөңгелек үстел» отырысының күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты талқыға түскен басты тақырып та осы болды. Ашық диалог форматында өткен басқосуды филиал  төрағасы Балжан Досмұхамбетова ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Жиынға қатысқан Атырау қаласы бойынша пәтер иелері кооперативтері бірлестігінің,  облыстық құрылыс басқармасының,  төтенше жағдайлар департаментінің, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен мен құрылыс бөлімінен, басқа да мәселеге мүдделі мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ ПИК-тердің басшылары туындаған сауалдар төңірегінде түсінік беріп, жауап  қайтарды. Олар негізінен көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік коммуникацияларын жөнге келтіру, терможаңғыртудан өткізу, ескірген электр желілері мен тозығы жеткен су, жылу, газ құбырларын жаңарту, т.б. жайында өрбіді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз