Жарнама
Инфрақұрылым

Атырауда жол құрылысы мәселесі басты назарға алынды

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Атырау қаласындағы жол құрылысы мәселелері бойынша әкімдік отырысы өтті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев қаланың инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру жайын баяндады.

Жыл басындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жол құрылысы нысандарын биыл пайдалануға беру туралы жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, 34 нысан бойынша жұмыс жүргізу қажет, оның ішінде бесеуі салынады, 13-і қайта жаңартылады, 16-сы орташа жөндеуден өтеді. Бүгінде 34 нысанның төртеуінің құрылысы аяқталды, төртеуі — жүріп жатыр. Қалған нысандардағы жұмыстар тоқтап тұр, өйткені жобаға түзету енгізілуі қажет. Бұл бойынша құжаттарды рәсімдеу процесінде уақыт алатындай кедергілер жоқ. Облыстық бюджет комиссиясының отырыстары уақытылы өтуде, — деді А.Мұханбеталиев.

Серік Шәпкенов жобадағы жұмыс жоспарымен танысты. Оның бір бөлігі пысықталуда, ал жол жұмыстары жобалары әлі басталмаған.

–⁠ Атырау қаласын инфрақұрылымдық дамыту жоспары жыл басында бекітілді, талқылауға және әзірлеуге барлық бейінді ведомство қатысты. Құрылыс маусымы қызу жүріп жатқанымен, нәтиже — көңіл толтырмайды. Орталық көшелерде шұңқырлар бар, ал әрбір екінші жоба әлі қаралуда. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарына барлық жобаға тексеру жүргізіп, нақты жұмыс кестесін құруды, өзгерістер енгізіп, барлық жоспарланған жұмысты қысқа мерзімде аяқтауды тапсырамын,
 -деді С. Шәпкенов.

Сондай-ақ өңір басшысы мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындау мерзіміне және басқа да коммуналдық қызметтермен келісу рәсімдеріне жеке тоқталды.

–⁠Егер мердігер жөндеу жұмыстарын жүргізуге бірнеше учаскені алған болса, бәрін қатар жасауы керек. Ауқымды жоба болса, жөндеуді уақытында аяқтауға бірнеше бригаданы тарту, сондай-ақ күші жетпейтін мекемелермен келісімшартты бұзу керек. Жол жұмысын жауапты қызметтермен үйлестіру үдерісін жеделдету қажет, бәрі қатаң түрде кесте бойынша жүруі тиіс. Биыл Атырау қаласында жол құрылысы бойынша жоспарланған жұмыстар аяқталуы керек, бұған толық жағдай жасалған, — деп қорытындылады Серік Шәпкенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button