Жарнама
Инфрақұрылым

Атырауда “КСС-40” кәріз сорғы станциясы қайта жаңғыртылды

Атырау қаласындағы инфрақұрылымдық нысандарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен Азаттық даңғылы, 67а мекенжайында орналасқан “КСС-40” кәріз сорғы станциясы толықтай қайта жаңғыртылды.

img 9613
Screenshot

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайта жаңғырту барысында станция заманауи, автоматтандырылған сорғы жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде ағынды суларды үздіксіз әрі сенімді түрде бұрып отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар басқару жүйесі толық автоматтандырылып, технологиялық процестердің тиімділігі мен қауіпсіздігі айтарлықтай артты.

Станция аумағында жағымсыз иістердің таралуының алдын алу мақсатында желдету және сүзгілеу жүйелері орнатылды. Жобада санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінді. Апаттық жағдайда үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін дизельді генератормен жабдықтау шарасы да қарастырылған.

Жаңғыртылған нысан – қаланың кәріз жүйесінің жұмысын жақсартып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындардың тұрмыстық қолайлығын арттыруға бағытталған маңызды жоба.

Жоба мердігері – “DAMU Qurylys Group” ЖШС.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button