Инфрақұрылым

Атырау қаласындағы 7 жылу беру бекетінің жұмысы аяқталды

«Балықшы» шағынауданындағы А.Байжігітова, 74, Бейбітшілік, 62 және «Нұрсая» шағынауданындағы Болашақ тұрғын үй кешендеріндегі жылу беру бекеттері жаңартылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жоспарға сәйкес, биыл 2 жылу қазандық, 3 жылу алмастырғыш, 12 жылу айналдырғыш ауыстырылып, жаңасы орнатылды. Қазір 6 жылу бекетін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар қазан айының ортасына дейін жалғасады,- деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.

Атырау қаласы жылу беру маусымына дайын. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жылу беру энергиясы күшейіп, апаттық жағдайлардың алдын алмақ.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button