Жарнама
Инфрақұрылым

Атырау–Орал: тас жолдың су басқан учаскелері қалпына келтірілуде

Қазір Махамбет ауданының Сарайшық ауылы тұсындағы тас жолдың су басқан учаскесін уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды аталған аудандық әкімдіктің ресми өкілі.

–Сарайшық, Талдыкөл ауылдарына су басу қаупі төнгеннен кейін, «Атырау – Орал» тас жолының 44, 56 шақырымы жырылған болатын. Жырылған жолдың 44 шақырымындағы бөлігінен әлі күнге дейін қатты ағыспен су өтіп жатыр. Жайық арнасынан асып кеткендіктен, су өз деңгейіне түсе қоймады. Дегенмен 10 маусым күні «Қазавтожол» мекемесі жолды қалпына келтіруді бастады, — деді Қайрат Нұрлыбаев.

Аудан басшысының айтуынша, бүгінге дейін жолға үш тұрба салынды. Тұрбаларды көбейтіп, жолды қосуға ағыстың қаттылығы себеп болып отыр. Бірақ қатты тастар, топырақ салу жұмыстары үзіліссіз жүруде.

Айта кету керек, жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған адам мен техника саны жеткілікті. Қатынас қалпына келтірілген уақытта тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button