
Атырау көшелеріндегі жарық жүйесі тәулік бойы қадағаланады
Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендердегі түнгі жарықтандыру жүйелерінің жұмысы тұрақты бақылауда. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір аталған бағыттағы қызметтерді «Атырау Монтаж Строй Сервис» ЖШС жүзеге асыруда. Мекеме мамандары түнгі жарық желілерін күтіп ұстау және ақауларды жою бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Қала тұрғындары жарық шамдарының істен шығуы туралы өтініштерін 109 байланыс орталығы арқылы немесе басқа да қолжетімді арналармен жолдай алады. Сонымен қатар арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы күнделікті кешкі және түнгі уақыттарда көшелерді аралап, жарықтандыру жүйелерінің жағдайын тексереді.
Анықталған ақаулар бойынша жедел шаралар қабылданып, қажеттілігіне қарай шамдар ауыстырылады, техникалық кемшіліктер қалпына келтіріледі.
А.ҚҰРМАШЕВА