Жарнама
Инфрақұрылым

Атырау-Индер тасжолы қашан жөнделеді?

Атырау–Индер бағытына шықсаңыз, Талқайраң ауылының тұсындағы шұрқ-тесік мына тасжолда (қазір бұдан да жаман күйде) жол апаты жиі орын алып жатыр. Екі күн бұрын осы жерден қара түсті Toyota Ipsum көлігі аударылып қалған еді.

Қалалық әкімдіктен осы мәселеге қатысты пікір білдіруін сұрағанымызда, бұл жол қалаға қарағанымен әзірге бүлінген жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарда жоқ екендігін айтты. Тек алдағы уақытта жоспарға енгізу жағы қарастырылмақшы екен.

Облыстық полиция департаментінен бұған қатысты қандай ұсыныстар берілгені, жолдың осы бөлігінде қанша жол апаты болып, қанша көлік сынғаны туралы сұрағымызға да жауап ала алмадық.

Бүлінген жолдың азабын көріп жүрген көлік жүргізушілері жолдың сапасы күннен күнге нашарлап бара жатқанын, шұғыл түрде белгі қойып лекерлей тұру керектігін айтады.

Ал, жолға жақын тұратын тұрғындар Атырау–Индер тасжолын Бесікті ауылының тұсындағы бекетке дейін жөндеу қажеттігін сұрап отыр. Алайда, оның қашан жүзеге асатыны тағы белгісіз.

Ендеше оған дейін қанша көлік зардап шегетінін ойлаудың өзі қорқынышты.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button