
Инфрақұрылым
«Атырау-Индер»: Қала аумағындағы тасжол қайта жаңғыртылады
«Атырау–Индер» бағыты бойынша қала аумағындағы 10 шақырым тасжолда қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген хабарлады.

Бүгін, 20 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаске уақытша жабылды.
–Жолдың жабылуына байланысты көлік қозғалысының бағыты мен қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгертілді. Бұл өзгерістер арнайы картада көрсетілген. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұраймыз, — дейді Ғ.Төлеген.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА