Сабыржан СҰЛТАНОВ: «САБАҚТАС ЖАТҚАН САН САУАЛ БАР АУЫЛДА…»

whatsapp image 2021 10 26 at 11.17.50 Халық үні

ЫҚЫЛЫМ ЗАМАННАН-АҚ АТА-БАБАМЫЗДЫҢ ТҰРМЫСЫ ТӨРТ ТҮЛІКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ. ӘР ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ДАҒДЫСЫ БОЛАТЫНЫН ӨМІРДІҢ ӨЗІ ДӘЛЕЛДЕП ТҰР ЕМЕС ПЕ, ҚАЗАҚТЫҢ ӨМІРІН ҚАЗІР ДЕ АУЫЛДАН БӨЛІП ӘКЕТУ МҮМКІН ЕМЕС. АЛ АУЫЛДА ТҰРАТЫН АДАМНЫҢ МАЛ БАҒЫП, НӘПАҚА ТАБУЫ НЕМЕСЕ ЖЕР ЕМІП, НЕСІБЕ ТЕРУІ ЗАҢДЫЛЫҚ. БІРАҚ, СОЛ САЛАДА СОҢҒЫ КЕЗДЕ ҚОРДАЛАНЫП ҚАЛҒАН КҮРДЕЛІ ПРОБЛЕМАЛАР БАР. ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ, ЖАҢАША ДАМУ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫ ДА ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫНА ОҢ ӘСЕР ЕТЕРІ СӨЗСІЗ.СОНДЫҚТАН, БІЗ ОБЛЫСТАҒЫ ТАНЫМАЛ ФЕРМЕРЛЕРДІҢ БІРІ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ САБЫРЖАН СҰЛТАНОВПЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕН ЕДІК.

– Сабыржан Қыдырсиықұлы, Президент Жолдауы біздің елдегі даму бағытт арын айқындайтын маңызды құжат. Сіздің пікіріңізше, оны жүзеге асырудың тетіктері қандай?

Облыстық мәслихаттың экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі әрі ірі өндірістік кооперативтің төрағасы ретінде айтарыңыз аз болмас…

– Стратегиялық маңызды құжаттың басым бағыттары – бірнешеу. Өзіңіз айтқандай, ауылшаруашылығы саласына қатысты Жолдауда айтылған ой-пікірлер маған жақынырақ. Мемлекет басшысы Қазақстанда аграрлық саланың әлеуеті зор екеніне тоқталып, қордаланған проблемаларды да жасырыпқалмады. Мысалы, азық-түлік бағасының шарықтауы кімді болса да алаңдатпай қоймайды. Ал облыста азық-түлік белдеуін қалыптастыруда ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы маңызды роль атқарады.Өңір үшін өзекті мәселенің бірі – қысқы мал азығын дайындау. «Құрманғазы» өндірістік кооперативі биылғы маусымда 17500 центнер шөп шапты. Бұл шаруашылық үшін толық жеткілікті. Тіпті, жоспарлы межемізді 20-30 пайызға а р т ы қ о р ы н д а д ы қ . О н ы ң үстіне Жыланды, Шортанбай, Қиғаш, Ғизат Әліпов атындағы ауылдардағы тұрғындардың сұранысын қамтамасыз еттік.Ресеймен шектесетін батыс қақпа – Құрманғазы ауданы облыста жер көлемі бойынша ең ірі аумақ. Жүзарал жеріндегі шөп шығымы соңғы жылдары бұрынғыдай болмаса да, қажетті сұранысты қанағаттандырып отыр.

Алайда, кейбір аймақтарда су көзінің тапшылығы сезіліп тұр. Шындығын айту керек, бұрын қыр бойында су көзін іздеу жүйелі ұйымдастырылды. Азғыр, Тайсойған, Айбас өңірлерінде су көзі бар. Сондықтан, мал ішетін сумен қамту мәселесін оң шешу мақсатында ғылыми негізде жерасты су көзін іздестіріп, оның құрамын анықтауға қажетті қаржы бөліп, жүйелі жұмыстар жасау қажет. Егер осы мәселе өз шешімін тапса, онда мал шаруашылығын дамытуға жол ашылып, төрт түлікті көбейтуге барлық мүмкіндік туар еді. Бұл жерде облыс көлеміндегі каналдарды күрделі жөндеуге де көңіл аударған жөн. Ал балық шаруашылығын дамыту үшін «су маржанын» сүзумен қатар, тоғанда балық өсіру және оның толықтай жергілікті жерде өңделуіне қол жеткізу міндеті тұр. Өйткені, облыста балық өсіру мен аулауды дамытуға қолайлы жағдай бар. Соған қарамастан, мұнымен тек Құрманғазы ауданы менқала маңындағы бірнеше кооператив қана шұғылданады, басқа аудандардың үлесі жоқ. Ал ауланған өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылатындықтан, ішкі нарыққа тиетін үлес аз. Демек балық шаруашылығын өнеркәсіптік тұрғыда дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қосымша ж ұ м ы с о р ы н д а р ы н а ш у ғ а мүмкіндік береді.Осы мәселелерді облыстық мәслихаттың сессияларында үнемі көтеріп, ой-пікірлерімді айтып жүрмін.

– Ал экология саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға көңіліңіз тола ма?

– Қоршаған ортаны қорғау мәселесі – Атырау өңіріндегі ең бірінші кезекте тұрған күрделі түйіндердің бірі. Тіркелмеген қоқыс алаңдарын анықтап, оны жою шаралары жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, республика Президентінің 2025 жылға дейін орман алқабында жаппай ағаш егу және елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына орай, облыстың орман қоры алқабына 5 жылда 7 миллион көшет, елді мекендерде 540 мың дана ағаш отырғызу басталды. Бұл шараларды жүзеге асыруда тек ірі компанияларға, еріктілер мен арнайы акцияларға қарап отырмай, әр тұрғын өз үйінің ауласы мен саяжайында, әр кәсіпкер өзіне тиесілі ғимараттардың аумағында ағаш отырғызуды қолға алып, жалпыхалықтық шараға айналдырса оң нәтиже берері сөзсіз.Сондай-ақ бірнеше жылдан бері әңгіме болып келе жатқан «Тухлая балка» және «Квадрат» булану алаңдары, қаланың сол жақ бөлігіндегі жаңа кәріздік тазарту имаратын іске қосу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру ж ұ м ы с т а р ы н бе л г і л е н ге н жоспарға сай жүзеге асыру – күн тәртібінен түспейтін мәселе.

– «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жасақталған аймақтық Жол картасындағы «Қауіпсіз аймақ» тарауына жауапты депутаттың бірі екеніңізді білеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай орындалып жатыр?

– Сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің н е г і з і н д е ж а с а қ т а л ғ а н бағдарламаның мәні зор, ал орындалуы – бәрімізге сын. Сондықтан, кез-келген сауал туындаған сәтте оны дер кезінде шешу – міндетіміз. Әйтпесе, халыққа берген уәдемізді орындай алмау қаупі туындайды. Қ ы л м ы с п е н к ү р е с тиімділігін арттыру, учаскелік полиция пункттерін с алу, жылжымалы модульдік өрт сөндіру станцияларымен қамту, жағалауды қорғау мақсатында жөндеу жұмыстарын орындау үшін бекітілген кестеге сай, басқосулар өткізіліп келеді. Жауапты тараптар тыңдалып, мәселелерді егжей-тегжейлі талқылаймыз. Жұмыс барысымен танысып, орындалуын қатаң бақылау – депутат ретіндегі міндеттерімнің бірі.

– А у ы л ы ң ы з о б л ы с орталығынан шалғайда жатыр. Республикалық маңызы б а р « Ат ы р ау- Ас т р а ха н » ж о л ы н д а ғ ы к ү р д е л і жөндеуден басқа, ауылішілік жолдардың сын көтермес сапасы тұрғындардың жиі наразылығын туғызады…

– Рас, біздер үшін аталған трасса зор мәнге ие. Алайда, облыстық әкімдіктің араласуымен арнайы пойыздың шығуы – тұрғындар тілегін құп алған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жемісі.Аудан көлемінде облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Қуанарлығы сол, мұндай игілікті істер аудан орталығынан шалғай жатқан, Ресеймен шекарадағы Азғыр өңірінде де жасалуда. Мәселен, облыстық маңызға ие «7 разъезд-Асан-Балқұдық-Сүйіндік» автомобиль жолын орташа жөндеудің басталуы – қарапайым ауыл тұрғыны ретінде мені де қуантқан жаңалық.

– Сіз басқаратын өндірістік кооператив негізінен асыл тұқымды қой өсіретін еді. Қазіргі тыныс-тіршілігінен хабардар болсақ..

 – Ауыл адамдары үшін екі қолға бір күрек алып, нәпақа т а бу – м а ң ы зд ы м ә с е л е . Оның үстіне біздің ауылдың орталықтан шалғай орналасуы да жұмысқа құлшынысы бар жандарды атакүлдіктен қоныс аударуға мәжбүрлейтіні ж а с ы р ы н е м е с . А л а й д а , жұмысқа әуелі ауылдастарды қабылдауға мән бергендіктен, бүгінде біздің шаруашылықта 110 адам тұрақты жұмыс жасайды. Қосымша күшті қажет ететін науқандық маусымдарда уақытша жұмысшылар аламыз. Мал сою пункті де жергілікті т ұ р ғ ы н д а р д ы ж ұ м ы с п е н қамтуға мүмкіндік беріп келеді.Шаруашылықта 10 мың еділбай қойы, 300 қос өркешті түйе, 110 жылқы бар. Олар алыс-жақындағы 24 қыстақта бағып-күтіледі. Үнемі күннің көзі, желдің өтінде жүретін шаруа адамының жан бағу қамымен асыраған меншігіндегі азын-аулақ малына да жем-шөп береміз. Еңбекақысы тағы бар.Әрине, біздің салада еңбек өнімділігінің маңызы зор. Өндірістік белсенділіктің де көрсеткіштерді көбейтетіні б е л г і л і . С о н д ы қ т а н , қ ы з м е т к е р л е р г е қ а ж е т т і қолдау білдіру – ұстанған мақсатымыздың бірі.

– Ауыл шарушалығы саласына қатысты аса маңызды тақырыптың тағы бірі – жер. Бұл Президенттің дәстүрлі Жолдауларында да жыл сайын айтылатын аса маңызды тақырып…

– Иә. Президент Қасым-Ж о м а р т Т о қ а е в а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы ж е р і н шетелдіктер мен олардың қатысы бар компанияларға сатуға және жалға беруге біржола тыйым салды. Заң қ а б ы л д а н д ы . С о н д ы қ т а н , еңбек етіп, жерге күтім жасап, мақсатты пайдалана білсек, оның пайдасы да ұшан-теңіз. Ал, бос жатқан топырақтың құнарсыздыққа ұшырайтыны – ғылыми дәлелденген аксиома.Тек осы мәселенің өзінен-ақ ауыл шаруашылығы, жалпы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты сан түрлі түйінді мәселелер туындайды. Бірақ, оның шешімін табуына біраз уақыт керек.

– Ж а р и я л а у д ы ж ө н көрмесеңіз де, ел-жұртқа есіміңіз жомарт жан ретінде де кеңінен т анымал. Ал біздің саламызға қатысты б і л е т і н і м і з – г а з е т т і ң жанашырларының бірісіз…

– Ол рас. Ауылымыз шалғай болса да, біз облыс көлеміндегі а қ п а р а т т а р д ы о б л ы с т ы қ «Аtyraý», аудандық «Серпер» газеттерінен оқып, білеміз.Жыл соңында газетке жазылу – жылдар бойы қалыптасқан, айнымас дәстүріміз. Биыл да баспасөз науқанына атсалы су – жоспарлы істің бірі. Өзім басшылық ететін «Құрманғазы» өндірістік кооперативінде еңбек ететін 50 адамды жергілікті басылымдармен қамтамасыз етуді көздеп отырмын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз