СарапTime: «Сәби сүйгім келеді…»

9779677 Жаңалықтар

Бүгінде әлем бойынша ерлі-зайыптылардың 20 пайызға жуығы бала сүйе алмай отырғаны туралы статистикалық есеп бар. Оның ішінде жартысы көмекші репродуктивті технологияларға зәру.

Біздің елдегі ахуал да мәз емес. Әрбір жетінші отбасында осы жағдай өзекті мәселеге айналған. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесіне көз салсақ, қазақстандықтардың 20 пайызының ажырасуына осы бала көтере алмауы себепші екен. Енді мемлекет осы түйінді тарқатуға кіріспек. Әрине, квота санының артуы сүйінші хабардың да бұрынғымен салыстырғанда көбейетінін көрсетуі керек. Айталық, Израиль баласыз жұпқа балалы болмайынша квота бөле береді. Францияда ерлі-зайыптыларға төрт рет мүмкіндік берілсе, Аргентинада үш рет тегін жасатуға рұқсат. Аустралияда 49 жасқа келгенше шектеу жоқ. Біздегі бір ерекшелік — баласы бар отбасыларға квотаны пайдалануға тыйым салмайды. Бір анадан оннан астам бала тараған қазақ халқы үшін бұған шектеу қойылмағанының өзі жақсы жаңалық деуге болады.

Квота кепілдік бере ме?

Биыл ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев қазақстандық отбасылар үшін экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедураларына квота көбейтуді тапсырды. Былтыр 1 мыңнан сəл астам квота бөлінген болса, биыл «Аңсаған сəби» бағдарламасы бойынша бұл көрсеткішті 7 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. Қазір Президент тапсырмасына сəйкес, 7000 квота бөлініп, əр облыстың ЭКҰ-ға мұқтаж отбасылары таңдап алынуда. Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды. Аймақт ар бойынша квот а денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сəйкес бөлінеді. «Биыл біздің облыс үшін қанша квота сұралды?» деген сұрағымызға облыстық денс аулық с ақт ау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова жауап берді.

  • – Д е н с а у л ы қ с а қ т а у министрлігінен Атырау облысына 232 квота бөлінді. Былтыр бөлінгені – 37. ЭКҰ-ға жіберу туралы шешім басқарма тарапынан құрылған комиссия отырысында қабылданбақ. Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіне енгізілген болатын. Бүгінгі күні облыс бойынша 702 бедеулік жұп тіркелген, – деді Айгүл Құдаманова.

Облыстағы ана мен бала саулығына қатысты сауалдарға жауап беретін денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманова экстракорпоральды ұрықтандыруға жергілікті емханалар арқылы қалай тіркелуге болатыны жайлы да егжей-тегжейлі айтып берді. Экстракорпоральды ұрықтандыруға Қазақстан азаматтығы бар 18 – 42 жас аралығындағы отбасылар өтініш бере алады.

– Ал, кімдер қатыса алмайды?

  • – Жатырдың туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқулары, соматикалық жəне психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну жəне онкологиялық аурулары бар адамдар бұл процедураны жасата алмайды.

– Квота тағайындау тəртібі қалай жүреді?

  • – Жасанды ұрықтандыруға жолдама алу үшін тіркелген жердегі емханаға хабарласу керек. Мамандар əйелді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіліміне қосады ж ə н е б і р қ а т а р т е к с е р ул е р тағайындайды. Кейін сараптама қорытындысын комиссия қарайды. Оң шешім қабылданған жағдайда ол «емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркеліп, рəсімге дайындала бастайды.

Бір рет тегін. Алайда, нәтиже болмаса…

Медициналық сақтандыру бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Емделуші жұп алдынала медициналық тексерістен өтеді. Жүктілікті диагностикалау жасанды ұрықтандырудан 12- 14 күн өткен соң жүргізіледі, ультрадыбыстық зерттеу 21-ші күні тағайындалады. Егер əйелде жағымсыз асқынулар пайда болса, оның жазбаша келісімімен дəрігер қорытынды жасайды. Əйелде көп жүктілік болса да денсаулығына кері əсері болуы мүмкін. Яғни, жүктілік болжамын нашарлатады. Пациенттің жазбаша келісімімен азайту операциясы да жасалады. Сондықтан, жан-жақты зерделеніп жасалатын іс нəтижесіз болуы мүмкін емес. Алайда, осы кезге дейін жасалған жасанды ұрықтандыруда сəтсіздіктер де орын алған жағдайлар кездескен.

«Ақылы жасатқанның айырмасы жоқ»

Материалды дайындау барысында Алматы қаласында тұратын танысымыз Жанат Айтжанов пен Айнұр Елеуоваға хабарласудың мүмкіндігі туды. Олар ЭКҰ арқылы сəбилі болған еді. Олар отбасын құрғалы бері он жылға жуық уақыт сəбилі бола алмай жүрді. Үлкен кісілердің айтуымен, емшілерге де барып қаралған. Сұхбаттасымыздан не үшін ЭКҰ жасатуға кеш барғандығын сұрап көрдік. Олардың айтуынша, бұған дейін дəрігерлер «денсаулығың жақсы», жасанды жолмен ұрықтандыру кезегіне тұрудың қажеттілігі жоқ деп емханадан рұқсат бермепті. Бірақ, жатырдан тыс жүктіліктің салдарынан ота жасатып, кейін өздігінен бала көтеру мүмкіндігінен айырылған. Содан кейін басқа амалдары қалмай ЭКҰ-ға жүгінуге тура келіпті. Қазір олардың екі жасар баласы бар. Айнұр ЭКҰ-ны ақылы түрде жасатқан. Алайда, бастапқыда мемлекеттік квотамен жасату ниеті болған екен.

  • – Мемлекеттен квота алу үшін құжаттар жинап, өткіздім. Жергілікті емханада «жауабы міне келеді, əне келеді» деп созбалақтап жүріп, жарты жыл уақыт жоғалттым. Кейін көп күтпей ақылы түріне барайық деп шештік. Ақылы жасатқанның тегін жасатқаннан ешқандай артықшылығы жоқ. Басқалар сияқты кезек күтеміз. Бəрімізге дəрігерлер тең қарайды. Бір кемшін тұсы бар, мысалы менде бірінші рет болмай қалды. Ондай жағдайда ақшаң қайтарылмайды ə р і о н д а ғ ы м а м а н д а б а л а л ы болатыныңа 100% кепілдік бере алмайды. Мысалы, мен барғанда бір миллион теңге деді. Оның 450 мыңы клиниканың жұмысы үшін, қалған қаражат дəріханадағы дəрі-дəрмек үшін. Бірінші рет 8 ұрықтанды, оның төртеуі жарамды деді, екеуін салды, қалған екеуін тоңазытқышқа сақтайтын б ол д ы . Ұ р ы қ т ы то ң а з ы т қ ы ш қ а сақтау үшін 100 мың теңге төледік. Əр ай сайын сақтайтын мерзіміне қарай 3000 теңге төлейсің. Бірінші салған ұрықтар құрсақты жатсынды, екінші рет жасатқанда тоңазытқышқа сақтап қойған екі ұрықты салды. Оның біреуі сəтті шықты, – деді Айнұр.

Шығынның барлығын есептегенде екі миллионға жуық қаржы жұмсаған екен. Сосын əр ультра дыбыстық зерттеу (УЗИ) ақылы болды. Мен өзім ЭКҰ жасатқан жерге тіркеуге тұрдым. Сол үшін 200 мың теңге төледім. Осы бағаның ішіне УЗИ, қан, зəр талдамалары кіреді. Босанғанға дейін сол мекеменің дəрігерлері өздері қадағалап отырды. Өзім ақылы палатада босанғандықтан, перзентханаға 300 мың теңге төледім. Жалпы, осындай шығындар кетеді. Есесіне, қазір маңдайы торсықтай ұлымыз бар. Құдайға тəуба деп отырмын. Əуелі Алла, сосын қазіргі заманғы медицинаның арқасында бала сүю бақытына ие болдым» дейді келіншек.

Ана болу бақыты бұйырған

Тағы бір атыраулық жұп Жантемір мен Шынар Орынғалиевтер (есімдері өзгертілген) отбасымен де сөйлескен едім. Олардың қазір егіз қыздары бар. «Бірінші Алланың, екінші қазіргі заманғы технология мен медицинаның арқасында сəбилі болдық» деп ағынан жарылды. Бұл отбасы ЭКҰ кезегінде екі жыл тұрған. О л а р к е й і н ж е к е м е н ш і к клиниканың бірінде жасатқан. Ж е к е м е н ш і к б о л ғ а н ы м е н мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Бірақ, олардың өз талаптары бар екен, барлық адамға жасай бермейді. Жұбайының да кейбір сараптамалардан өтуіне тура келді. Сəбилі болуға қабілетің баржоқтығын анықтайтын гормонды талдамалар мен бедеулікті растайтын құрсақ түтігінің рентген нəтижесін талап еткен.

  • – Ол жерде репродуктологд ə р і ге р ге к і рд і м . О л б а рл ы қ құжатымды тексеріп, «біздің барлық талабымызға сəйкес келеді, мемлекет ақша бөлсе, біз бұл адамға ЭКҰ жасауға дайынбыз» деген мазмұндағы хаттама толтырды. Содан ол хаттаманы алып, тіркеуде тұрған емханама бардым. Ол жерде тапсыру керек сараптамалар тізімін берді. Олардың барлығын тапсырып, емханадағы дəрігеріме бердім. Өз кезегінде ол менің денсаулығыма байланысты құжаттарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына апарып, ЭКҰға кезекке қойды. Арасында барып, кезегім туралы мəліметтер біліп тұрдым, – дейді Шынар.

Одан кейін ЭКҰ-ға дайындау кезеңі сəтті өтіп, жүктілігі жалғасқан. Əрі қарай Шынар өзін күтініп, тіркеуі бойынша емханаға барып қаралып жүріпті. Жүктілігі табиғи жолмен бала көтерген өзге аналар сияқты өткенін де əңгімелеп берді.

ТҮЙІН

Бүгінде медицинаның қарыштап дамуы адамзатқа үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жүрек, бүйрек, бауыр ауыстыру да қазір ешкімге таңсық болмай қалды. Соның ішінде ЭКҰ арқылы балалы болу да қаншама отбасыға шексіз бақыт сыйлады. Айға адам ұшырып, Марсқа корабль қондырып жатқан технологиялық заманда адамның жатырына қолдан бала салуды ғылымдағы ең үлкен жетістік деп баға беру қажет. Бұрындары зират аралап, аруақ жағалап жүретін отбасылар енді ЭКҰ орталықтарына барып, аңсаған сәбиін сүйіп отырғанын көзіміз көріп жүр. Шетелдердегі, кейін Астанадағы қол жетпестей көрінетін ЭКҰ орталығы Атыраудан да ашылып, әрі тегін квота берілуі мемлекетіміздің адам капиталына жасаған ең бір қамқорлығы болса керек. Ендеше, осы игілікті әрбір шақалаққа зәру отбасы пайдалануына толық мүмкіндігі бар. Әр шаңырақ шаттыққа, баланың күміс күлкісіне толғай деп біз де тілек тіледік.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ

Қазір елімізде 11 030 әйел бедеулікпен есепте тұр. Медициналық сақтандыру қорынан берілген мәліметте, отбасылық жұп та, азаматтық некедегі отбасылар да ЭКҰ-ға үміткер бола алады.

КВОТАҒА ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ?

2021 жылы медициналық сақтандыру қоры алдын-ала сомасы 6,2 миллиард теңгеге 7 мың ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлаған болатын. Рəсімді өткізуге арналған квоталар саны 2020 жылмен салыстырғанда жеті есе өсті, ол кезде 960 миллион теңге сомаға 1 105 ЭКҰ қызметі көрсетілді.

ƏЛЕМДІК НƏТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша, ЭКҰ технологиясын қолдану нəтижесінде жүктілік 45-60% жағдайда болады.

ҚАНША КЛИНИКА БАР?

Қазақстан бойынша 8 облыста 19 медициналық ұйым ЭКҰ қызметін ұсынады, олардың 18-і – жекеменшік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз